Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорданың цифрлық экожүйесінің дамуы: Астанада өткен IT meetup-та келесі жылға арналған нәтижелер мен жоспарлар талқыланды

Елорданың цифрлық экожүйесінің дамуы: Астанада өткен IT meetup-та келесі жылға арналған нәтижелер мен жоспарлар талқыланды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Astana Hub алаңында мемлекет, технологиялық бизнес, AI-қоғамдастық және венчурлік студия өкілдерінің қатысуымен «2025 жылғы цифрлық дамудың қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлар» атты IT meetup өтті. Іс-шара елорданың цифрлық экожүйесін одан әрі дамыту үшін 2026 жылы шешілуі тиіс міндеттер мен аяқталып келе жатқан жылдың негізгі нәтижелерін ашық талқылауға арналған диалог алаңына айналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесудің модераторы Қазақстанның IT-компаниялар қауымдастығының президенті Айымгүл Әбілева болды. Ол цифрландырудан нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін мемлекет, бизнес және кәсіби қауымдастықтың келісілген ұстанымы қажет екеніне назар аударды.Пікірталас барысында қатысушылар қалалық цифрлық платформалар мен сервистердің дамуы, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу, инфрақұрылым мен көлік саласын цифрландыру, денсаулық сақтау жүйесінде e-health құралдарын пайдалану, сондай-ақ стартаптар мен венчурлік жобаларды қолдау және IT-кадрларды даярлау мәселелерін талқылады.

Спикерлер қатарында Yandex Qazaqstan компаниясының GR-директоры Мейірбек Мұқатов, Qaz.AI басқарма төрағасының орынбасары Анар Төлеубаева, «Астана Innovations» АҚ технологиялық ынтымақтастық және жобаларды қолдау департаментінің директоры Айбек Ахметбеков, Digital Med 365 директоры Сергей Остапюк, Adaptive Radiation компаниясының серіктесі Ғабит Бекахметов, RS Bootcamp негізін қалаушысы Андрей Крюков, Outpeer.kz директоры Жазира Көппағамбетова, сондай-ақ Digital Bridge 2025 контенттік бағдарламасының архитекторы Борис Жилинский болды.Талқылау қорытындысы бойынша келесі жылға арналған негізгі басымдықтар ретінде мыналар айқындалды:

• қалалық цифрлық сервистерді күшейту және өзара интеграциялау;

• жасанды интеллектке негізделген шешімдерді қолдану аясын кеңейту;

• стартаптар мен венчурлік жобалардың жедел өсуі үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру;

• IT-саланың кадрлық әлеуетін жүйелі түрде дамыту.

«Біздің ортақ міндетіміз – цифрлық шешімдердің жекелеген жобалар ретінде емес, қала тұрғындары мен бизнес үшін күнделікті, қолайлы құрал ретінде қабылданатындай деңгейге жету. Сондықтан да ұстанымдарды салыстырып, идеяларды нақты бірлескен әрекеттерге айналдыруға мүмкіндік беретін осындай диалог алаңдары біз үшін өте маңызды», – деп атап өтті «Астана Innovations» АҚ технологиялық ынтымақтастық және жобаларды қолдау департаментінің директоры Айбек Ахметбеков.

Қорытынды бөлімде қатысушылар өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарын және 2026 жылдың өзінде іске асырылуы мүмкін бірқатар бастамаларды талқылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті