Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жасады. Президент айтқан негізгі бастамаларға қатысты пікірін ASTANA POLYTECHNIC Жоғары колледжінің директоры Болат Рысқалиев білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы болашақ экономикасы үшін кадр даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру мәселелеріне айрықша назар аударды. Болат Рысқалиевтің айтуынша, Жолдау ел дамуының барлық саласына серпін беріп қана қоймай, әсіресе техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне нақты бағдар болды.
Оның айтуынша, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру бастамасының маңызы зор.
Қазіргі таңда колледжде білім беру бағдарламаларын жаңарту, жасанды интеллект, деректерді талдау және цифрлық инженерия бойынша жаңа мамандықтарды енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Оның айтуынша, Президент Жолдауы ASTANA POLYTECHNIC оқытушылары мен студенттеріне ел дамуына белсенді араласуға күш беріп, Қазақстанның цифрлық технологиялар саласында әлемдік көшбасшылардың қатарынан лайықты орын алуына сенімділікті күшейтті.