Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жасөспірімдер арасында халықаралық Astana Cup турнирі өтті

Елордада жасөспірімдер арасында халықаралық Astana Cup турнирі өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада 2014 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан дәстүрлі халықаралық Astana Cup турнирі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл жарыс өңірлік деңгейден асып, халықаралық ауқымға шыққан ірі спорттық іс-шараға айналды. Турнирді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырып отыр.

Биыл турнирге қатысушылар қатары кеңейген. Бұл жолғы додада алты шет елдік танымал клубтың жасөспірімдер командасы бақ сынауда. Атап айтқанда, Тбилисидің «Динамо», Бакудің «Қарабах», Ташкенттің «Пахтакор», Душанбенің «Динамо», Бішкектің «Абдыш-Ата» және Мәскеудің аты аңызға айналған «Спартак» командасы жарысқа қатысып жатыр.

Сонымен қатар, Қазақстанның әр аймағындағы 10 спорт мектебінің үздік жас футболшылары да жасыл алаңда өз шеберліктерін көрсетуде. Бұл турнир – олардың халықаралық аренада шыңдалып, кәсіби тәжірибе жинауына үлкен мүмкіндік.

Халықаралық турнирдің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқан Қазақстандағы Әзербайжан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Агалар Атамогланов, еліміздегі Қырғыз Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Құдайберген Базарбаев, Қазақстандағы Грузия Республикасының Консулі Темур Тартарашвили қатысып, сөз сөйледі.

Олар Astana Cup тек спорттық жарыс қана емес, болашақ футбол жұлдыздары үшін маңызды даму алаңы екенін атап өтті.

Сондай-ақ ұйымдастырушы тарап атынан сөз сөйлеген Астана қаласы әкімдігінің «№8 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ басшысы Еркебұлан Жомартұлы мұндай турнирлер жасөспірімдерге түрлі елдерден келген замандастарымен бәсекелесе отырып, өз шеберлігін арттыруға және жаңа достар табуға жол ашатынын тілге тиек етті.

Осылайша аталған жарыс еліміздегі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға қосылған салмақты үлес ретінде бағаланып отыр.

«Мен бес жылдан бері футболмен шұғылданып келемін. Бүгінгі турнирге қатысқаныма өте қуаныштымын. Алғашқы ойында қарсылас командаға есе жібердік. Алайда матч жоғары деңгейде өтті. Жарыста мықты командалар көп екен. Соған қарамастан ұтуға тырысамыз. Әлі алда екі ойын бар. Жеңсек топтан шығамыз. Сол үшін бәріміз барымызды саламыз», – деді 11 жастағы «Жеңіс» футбол клубының қорғаушысы Ерасыл Талғатұлы.

Айта кетейік, балалар бәсекесі 8 желтоқсанға дейін жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті