Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жастарға арналған спорттық воркаут аймағы ашылды

Астанада жастарға арналған спорттық воркаут аймағы ашылды
Фото: Ақорда

Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде студенттердің көптен күткен спорттық воркаут зонасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға ҚР Мәжілісінің депутаттары, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, саяси партиялар мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары қатысты. Ресми қонақтар жастардың спортпен айналысуына жағдай жасайтын мұндай жобалардың қоғам үшін маңызын атап өтті.Жаңа нысан оқу орнының жастарға арналған инфрақұрылымын күшейтіп, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды қадам болды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет жастардың дене белсенділігін арттыру, спорттық ортаны дамыту және әр жоғары оқу орнында қауіпсіз әрі қолжетімді спорт алаңдарын көбейту қажеттігін атап өткен болатын. Бұл жаңа бастама – осы мемлекеттік бағдардың нақты жүзеге асқан көрінісі.

«Спорт – нашақорлықпен күресудің әрі оның алдын алудың ең пәрменді құралдарының бірі. Бүгін осы спорт алаңының ашылуында студенттік лига турнирінде бірінші орын алған баскетболшылар марапатталды. Бұл – мұндай спорттық алаңдардың қажет әрі маңызды екенін дәлелдейді. Олар жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, нәтижеге ұмтылуына қосымша серпін береді», – дейді Астана қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі кеңес мүшесі қоғам қайраткері Әсет Гелманов.

Салтанатты түрде ашылған спорттық аймақ студенттер мен қызметкерлердің бос уақытын пайдалы өткізуіне арналған. Ашық аспан астындағы алаңға күш жаттығуларын орындауға арналған түрлі конструкциялар, турник, брусья, көлденең сатылар, серіппелі жабдықтар және қауіпсіздік стандарттарына сай арнайы жабын орнатылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті