Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «SANA» оқушылар сарайын аралап көрді

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «SANA» оқушылар сарайын аралап көрді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев  Астана қаласындағы «SANA» оқушылар сарайын аралап көрді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бес қабатты заманауи ғимаратта 5-17 жас аралығындағы жеткіншіктерге арналған 60-тан астам үйірме мен спорт секциялары жұмыс істейді.
Олар техникалық шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнер, әлеуметтік ғылымдар, музыка және хореография, спорт секілді бірнеше бағытқа бөлінген.Орталық бір мезгілде 700 баланы қабылдай алады. Аумағы 7500 шаршы метр ғимаратта соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған оқу кабинеттері, жүзу бассейні, акт залы, подкаст және фото студиялары бар. Мемлекет басшысы Lego құрастыру, роботты техника, 3D-модельдеу және қыш өнері, ұрмалы аспаптар, домбыра үйірмесі кабинеттері мен жүзу бассейнін аралап көрді. Сондай-ақ Президент орталықтың оқытушыларымен, балалармен және ата-аналармен әңгімелесті.

– Әрбір қалада, ауданда осындай орталықтар ашылуы керек. Мен жақында бизнес өкілдерімен кездесу өткіздім. Бұл балалар үшін, өскелең ұрпақ үшін қажет. Сондықтан біз бұл мәселеге баса мән береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«SANA» жаңа ұрпақ орталығынт «Damu Development Group» консорциумы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салған. Компания құрылтайшысы Абзал Сағымбаев алдағы уақытта бірнеше дамыту орталықтарын, әлеуметтік, денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарланып отырғанын жеткізді. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 2029 жылға дейін елордада осындай 15 оқушылар сарайы бой көтереді. Оның ішінде 5 орталықтың құрылысы жуық арада басталады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді