Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режиміне рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі бекітілді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Құжатта 40 қызмет түрі қамтылған:
- мал шаруашылығын дамытуға бағытталған қызмет;
- музыкалық аспаптарды жасау;
- сылақ жұмыстары;
- ағаш ұстасы жұмыстары;
- еден төсеу және қабырға қаптау;
- сырлау және әйнек жұмыстары;
- желі маркетингі арқылы бөлшек сауда;
- такси қызметі;
- өзге де пошта және курьер қызметтері;
- дайын тамақты жеткізу;
- өз меншігіндегі немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;
- фотоқызмет;
- ауызша және жазбаша аударма қызметі;
- ветеринария қызметі;
- жеке қолдануға арналған, тұрмыстық мақсаттағы басқа бұйымдарды жалға беру және лизинг;
- тұрғын үйлерді тазалау;
- коммерциялық қызмет бойынша көмектесу;
- спорт және демалыс саласындағы білім беру;
- мәдениет саласындағы білім беру;
- өзге де білім беру қызметтері (басқа санаттарға кірмейтін);
- көркем және әдеби шығармашылық;
- компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу;
- байланыс құралдарын жөндеу;
- электрон тұрмыстық техниканы жөндеу;
- тұрмыстық құрал-жабдықтарды, үй және бақша жабдықтарын жөндеу;
- аяқ киім жөндеу;
- табиғи және жасанды былғарыдан жасалған галантерея өнімдерін жөндеу;
- жиһаз және интерьер бұйымдарын жөндеу;
- қолсағаттар мен басқа да сағаттарды жөндеу;
- зергерлік бұйымдарды жөндеу;
- тоқыма және трикотаж бұйымдарын ретке келтіру;
- тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма өнімдерін ретке келтіру;
- тері бұйымдарын ретке келтіру;
- музыкалық аспаптарды жөндеу;
- кілемдерді ретке келтіру;
- велосипед жөндеу;
- жеке қолдануға арналған және тұрмыстық басқа да тауарларды жөндеу (басқа санаттарға кірмейтін);
- шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері;
- үй шаруашылықтарының үй қызметкерлерін жалдауы;
- үй шаруашылықтарының өз қажеті үшін тауар өндіруі.
Құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.