Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алымсыз әкелу тоқтайды: ЕО Temu-дан келетін арзан сәлемдемелерге салық енгізеді

Алымсыз әкелу тоқтайды: ЕО Temu-дан келетін арзан сәлемдемелерге салық енгізеді
Фото: Economx.hu

Еуроодақ билігі қытайлық маркетплейстердің арзан сәлемдемелеріне салық салады. ЕО-қа мүше 27 елдің экономика министрлері 150 евродан төмен бағамен келетін сәлемдемелерді алымсыз әкелуді жою туралы түпкілікті шешім қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазір Еуропалық одақ аумағына құны 150 евродан төмен тауарларды кедендік баж алымынсыз және ҚҚС-сыз әкелуге болады. Мұны Temu және Shein сияқты қытайлық маркетплейстер белсенді пайдаланып отыр. Төмен сапалы қытай тауарларының ағылуы еуропалық экономистерді, өндірушілерді, ритейлерлерді және мемлекеттік органдарды алаңдатуда.

«Бұл – шешуші сәт. Бұл қадам Еуропаның адал бәсекеге және өзінің бизнесін қорғауға шын мәнінде байыппен қарайтынын көрсететін күшті белгі», деді Еурокомиссияның сауда жөніндегі комиссары Марош Шефчович.

ЕО Temu және Shein-нен келетін сәлемдемелерге бажсыз әкелуді 2026 жылдың басында жоймақ. Нақты күні 2025 жылдың желтоқсанында анықталады. Сонымен қатар, Еуропалық одақта арзан сәлемдемелер үшін тұрақты алым енгізу мәселесі талқылануда. Әрбір сәлемдеме үшін екі еуро көлемінде төлем алу ұсынылып отыр.

ЕО-ның жекелеген елдері де шағын және орта бизнесті қорғау үшін өз шараларын қабылдап жатыр. Мысалы, Италия Қытайдан келетін сәлемдемелерге қосымша салық енгізуді жоспарлауда. Екі еуро мөлшеріндегі бажды Франция билігі де енгізгісі келеді.

Қазақстанда Temu басқа шетелдік маркетплейстермен бірге ҚҚС төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар, қазақстандық сарапшылар да бажсыз әкелуді жою мәселесін көтеріп жүр, бірақ бұл мәселе әлі шешілмеген.

Алайда айта кету керек, ҚР билігі әзірге бажсыз әкелуді жоймағанымен, жаңа норма шетелдік маркетплейстерден сатып алынған тауарларды декларациялауды енгізді.

Бажсыз лимит бұрынғыдай – 200 еуро. Егер тауарлардың жалпы бағасы 200 еуродан асып кетсе, екі төлем пайда болады: тауардың толық құнынан 5 пайыз – кедендік баж, 12 пайыз – ҚҚС. 2026 жылы ҚҚС мөлшері 16 пайызға тең болады деп күтілуде.

Қазір лимиттен асқан жағдайда басқа схема қолданылады: тек артық сомаға 15 пайыз салынады, әрі салмаққа қатысты 31 келілік шектеу бар. Жаңа ережелер бойынша салмақтық лимит болмайды. Тек мөлшерлемелер қолданылады, мысалы, егер тауар құны 200 евродан асса, 5 пайыз + ҚҚС.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы шетелдік компаниялар үшін талаптар тағы қатаяды. ҚҚС төлеуден жалтарған немесе Қазақстан аумағында тіркелуден бас тартқан сервистер бұғатталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті