Цифрлық қызмет бойынша салық енгізілгелі бері шетелдік интернет компаниялардан Қазақстан бюджетіне 118,4 млрд теңге түскен. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қазақстандықтарға электрон қызмет көрсететін немесе интернет арқылы тауар сататын шетелдік компанияларға салық салынады. Мұндай компаниялар Қазақстанда тіркелуге және қосылған құн салығын 12% мөлшерлемемен төлеуге міндетті.
Бүгінде Қазақстанда 118 шетелдік резидент емес компания есепке қойылған, олардың қатарында әлемнің ірі платформалары бар.
"Шетелдік цифрлық компаниялар жалпы 118,4 млрд теңге төледі, соның ішінде биыл 48,6 млрд теңге түсті", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылы ең ірі ҚҚС төлеушілер:
- Valve Corporation - 8,6 млрд теңге;
- Apple - 8 млрд теңге;
- Temu - 6,2 млрд теңге.