Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Temu Қытайдан АҚШ-қа жеткізілімді тоқтатты

Temu Қытайдан АҚШ-қа жеткізілімді тоқтатты
Фото: picture alliance / NurPhoto

Temu Қытайдан АҚШ-қа тікелей жеткізуді тоқтататынын мәлімдеді. Енді америкалықтар маркетплейстен тек АҚШ аумағындағы қоймаларда бар тауарларды ғана сатып ала алады. Бұл қадам арқылы Temu Трамп әкімшілігі енгізген қытайлық импортқа салынған қосымша салықтарды айналып өтуді көздейді.

Осы жылдың 2 мамырында Ақ үй бұрынғы de minimis ережесінің күшін жойғанын ресми түрде жариялады. Бұл ереже бойынша АҚШ-қа жіберілетін құны $800-ден аспайтын шағын сәлемдемелерге салық салынбайтын. Осы жеңілдік арқасында Temu, Shein және AliExpress сияқты ірі қытайлық маркетплейстер АҚШ-қа сапасы онша емес, арзан тауарларды жаппай экспорттап келді. Ресми мәліметтерге сәйкес, АҚШ күніне Қытайдан 4 миллионға дейін арзан сәлемдеме қабылдаған.

Енді бұл ағым мүлде тоқтамаса да, айтарлықтай азаяды. Қазіргі ережеге сәйкес, Қытайдан келген барлық сәлемдемелерге тауар бағасының 120%-ы көлемінде салық немесе әрбір сәлемдемеге $100 көлемінде тұрақты салық салынады. 1 маусымнан бастап бұл салық мөлшері екі есе өседі, деп жоспарланған.

Президент Дональд Трамп de minimis ережесін жоюдың екі негізгі себебін атады. Біріншісі – шағын және орта бизнесті әділетсіз бәсекеден қорғау. Оның айтуынша, арзан әрі сапасыз тауарларды ұсынатын қытайлық маркетплейстер мен олардың агрессивті жарнама саясаты — “шағын бизнеске қарсы бағытталған алаяқтық”. 

Екінші себеп – есірткі тасымалымен күрес. Ақ үйдің ресми сайтында Қытайдан келген заңды сәлемдеме ретінде жасырылған тыйым салынған заттар, атап айтқанда фентанил және басқа синтетикалық опиоидтар елге кіріп жатқанын мәлімдеген. 

Бұған дейін Трамп әкімшілігі Қытай импортына салынатын салықты 145%-ға дейін көтерген болатын. Бұл бірінші кезекте ірі маркетплейстерге әсер етті. Мәселен, жылдам сән өнімдерін сататын Shein кейбір тауарларына бағаны 300%-ға дейін көтерсе, Temu импорттық салықтары кейбір тауарлардың өз бағасынан асып кетті. Сонымен қатар, екі платформа да АҚШ-тағы жарнама шығындарын күрт қысқартты.

Осылайша, АҚШ ішкі нарығын және өз шағын және орта бизнесін сыртқы экспансиядан қорғай бастады. Ал Қазақстанда болса, қытайлық маркетплейстер керісінше күшейіп келеді, себебі олар қазақстандық нарықта жергілікті кәсіпкерлермен салыстырғанда анағұрлым тиімді шарттарға ие.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді