Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Заң және тәртіп»: елордада «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті

«Заң және тәртіп»: елордада «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордадағы «Mega Silk Way» сауда орталығында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кезекті «Құқықтық дәріхана» атты құқықтық акция өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны қалалық прокуратура Астана әкімдігімен бірлесіп, «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында ұйымдастырды.Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қолданыстағы заң нормаларын түсіндіру және құқықтық мәселелерді шешуге көмектесу.Кез келген қала тұрғыны әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік, медицина, білім беру, тұрғын үй мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтар бойынша тегін заңгерлік көмек пен кеңес ала алды.

«Біз мұндай акцияларды ірі сауда орталықтарында бірнеше рет өткіздік, ал оған қала тұрғындары оң бағасын берді. Мұнда Әділет, Полиция, Денсаулық сақтау, Білім, салық департаменттерінің өкілдері жұмыс істейді. Бұл өте ыңғайлы, мұнда ең өзекті мәселелер бойынша тегін кеңес пен ұсыныс алуға мүмкіндік бар.Шағым қалдыруға немесе өз ұсынысыңызды айтуға болады. Бірден бірнеше маманнан кеңес алуға да жағдай жасалған. Мұндай іс-шараға келушілер өте көп, соңғы акцияда шамамен 800 адам құқықтық көмек алды. Бүгін одан да көп болады деп ойлаймын», – деді қала прокурорының аға көмекшісі Әйгерім Өмірзақ.

Қала тұрғындары мұндай шаралардың халыққа үлкен пайда әкелетінін және өзекті мәселелерді шешуде нақты көмек көрсететінін атап өтті.

«Мен – Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесімін. Біз, зейнеткерлер, дәрі-дәрмек мәселесіне алаңдаймыз. Импорттық медикаменттерге салынатын салық өседі ме, оның бағаға әсері қандай болады, соны білгім келді. Сондай-ақ зейнеткерлер үшін дәрі-дәрмек бойынша қандай да бір жеңілдіктер бар ма, осы мәселелерді сұрауға келдім», – деді шараға келген Гүлнәр Беспалинова.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті