Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Байқоңыр ауданының әкімдігі, сондай-ақ Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері «Алаш», «Шарын», «Әмір» және «Шанхай» базарларында түсіндіру жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәсіпкерлер арасында құқықтық мәдениетті арттыру. Шара барысында санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі талаптары мен жалпы заңнама нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жүргізілді.
Саудагерлерге сауда нүктелерін санитарлық талаптарға сай ұстау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларын бұлжытпай орындау қажеттігі ескертілді.Елорда базарларында қауіпсіз және заңға бағынатын ортаны қалыптастыру мақсатында мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады.