Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

64 күн өмір үшін күрес: Алматыда салмағы 700 грамм болған нәресте аман қалды

64 күн өмір үшін күрес: Алматыда салмағы 700 грамм болған нәресте аман қалды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығында дәрігерлер салмағы бар болғаны 742 грамм болып дүниеге келген сәбидің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бала 2025 жылғы 30 тамызда, жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген.

Туғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр болды, сондықтан дәрігерлер ұзақ әрі күрделі күтім үдерісін бастады.

40 күн бойы сәби өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында болды, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапияда, соңғы 10 күн өздігінен дем алып жатыр.

Қазір сәбиге 74 күн болды, ол құрылғысыз өздігінен тыныстап жатыр.

Мұндай жағдай бүкіл ұжымнан — неонатологтардан, реаниматологтардан, медбикелер мен перинаталдық психологтардан жоғары кәсіби дайындық пен шыдамдылықты талап етеді.

«Әрбір грамм салмақ, әрбір тыныс — дәрігерлердің ортақ еңбегі мен сәбидің өмірге деген жігерінің нәтижесі. Бұл біз үшін жай ғана медициналық жұмыс емес, күн сайынғы өмір үшін күрес», —деді Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығы директорының неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Айнұрым Сарбас.

Сәбидің анасы ұлын аман алып қалған дәрігерлер мен мейірбикелерге алғыс білдіріп, олардың қолдауы мен қамқорлығы ең қиын сәтте үлкен демеу болғанын айтты.

Бүгінде Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығы шала туған балаларды күтіп-баптаудың заманауи әдістерін белсенді енгізіп келеді.
Жыл басынан бері орталықта салмағы 1000 грамнан төмен 43 сәби өмірге қайта оралды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті