Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таным. Тәрбие. Тағылым»: Астанада мектеп басшыларынан құралған республикалық педагогикалық хакатон өтті

«Таным. Тәрбие. Тағылым»: Астанада мектеп басшыларынан құралған республикалық педагогикалық хакатон өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада алғаш рет мектеп басшыларынан құралған республикалық педагогикалық хакатон өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Таным. Тәрбие. Тағылым» атты ауқымды іс-шараны Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталық, Астана қаласы әкімдігінің І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясы және «Unit LLC» ЖШС бірлесіп ұйымдастырды. Педагогикалық хакатонның басты мақсаты – білім беру жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелерін шешу, білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын нығайту және тиімді тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

Биылғы шараның ерекшелігі – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына негізделуінде және қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналуында.Педагогикалық хакатон бірнеше бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Шабыт» жобасы аясында І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының жас талантты оқушыларынан құралған «Құлагер» театрының «Абай-Тоғжан» драмалық қойылымымен басталды. Келер ұрпақтың дүниетанымына, адамгершілігіне және руханилығына әсер еткен, Абайдың жастық шағына негізделген, ұлы ақынның жастық оты жанған талантты оқушылардың талантына жиналған қауым ерекше ықылас білдірді.

Биылғы додаға еліміздің 23 өңірінен команда қатысып, олардың арасынан Астана, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе және Абай облыстарынан келген 10 команда екінші кезеңге жолдама алған еді. Соңғы нәтижеде үздік деп «Jana толқын» командасы (Астана қаласы), І дәрежелі дипломмен «Qazaq Mind» командасы (Маңғыстау облысы), ІІ дәрежелі дипломмен «Savebala командасы (Aқтөбе қаласы), ІІІ дәрежелі дипломмен «L-Art» командасы (Қарағанды қаласы) марапатталды.Іс-шара барысында қатысушылар білім жүйесінің түйткілді тұстарын анықтап, мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар арасындағы ынтымақтастықты арттыру тетіктерін талқылады. Сондай-ақ адамгершілік, рухани және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мәселесіне назар аударылды. Педагогикалық хакатонның екінші бөлімі І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназияда жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті