Үшінші мегаполисте еліміз бойынша қарқын алған “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқандығы турасында айтулы шара өтті. Аталмыш бағларлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының тапсырмасы негізінде қолға алынған болатын.
Осы мақсатта Шымкентке арнайы іс-сапармен келген Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Вице-президенті Каратабанов Руслан Әділханұлы қаладағы мектептерде Біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысу үшін бірқатар білім ошақтарында болды.
Атап айтқанда, С. Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта мектебінде және №89 IT мектеп лицейіне ат басын бұрды. Бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарының іс-құжаттарымен танысып, оң бағасын берді. Мектеп ұжымдарына ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбектеріне сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.
Осы тұста айта кеткен жөн, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Міне, сондықтан Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын.«Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған.
Осы ретте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша қазіргі таңда әр аймақтарда түсіндірме және талқылау жұмыстары жүргізілуде. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу–барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз–жасұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.
Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.
19-12-2023, 12:37
Шымкент: мектептерде біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылу барысы таныстырылды
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз