Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде Lexus 470 жүргізушісі жол апатын жасады: жолаушы көз жұмды

Ақтөбеде Lexus 470 жүргізушісі жол апатын жасап, жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйек күні сағат 06:30-да Lexus 470 автокөлігінің жүргізушісі 41-разъезд жақтан Зинченко көшесі бағытында, кедендік басқару ғимаратына қарама-қарсы бағытта жүріп келе жатып, басып озу кезінде алда келе жатқан автокөліктің солға маневр жасау туралы сигнал бергенін байқамай, ілеспе бағытта келе жатқан Газ-278814 автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан кейін Lexus 470 автокөлігі оқиға орнынан белгісіз бағытта қашып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lexus 470 автокөлігінің 29 жастағы жолаушысы көліктің салонынан жол жиегіне құлап, Ақтөбе қаласының Жедел медициналық көмек ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, онда алған жарақатынан есін жимай, көз жұмды.

Полиция қызметкерлері кешенді іздеу іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде 28 жастағы көлік жүргізушісі ұсталды, анықталғандай, ол осы жылдың мамыр айында жүргізуші куәлігінен айырылған.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді