3 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан WTA-2025 қорытынды турнирінде WTA рейтингінде алтыншы орындағы қазақстандық Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы польшалық Ига Швентекке қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ойын қос теннисші үшін де маңызды болды, өйткені жеңіске жеткені бірден Қорытынды турнирдің жартылай финалына жолдама алады. Швентек фаворит деп бағалағанымен, сәттілік Рыбакинаның жағында болды.
Қазақстан теннисшісі аталған кездесудің алғашқы сетінде 3:6 есебімен жеңілді, бірақ одан кейін ол ойын тізгінін өз қолына алды. Рыбакина екінші және үшінші сетте 6:1, 6:0 нәтижесімен айқын басымдық танытып, жеңіске жетті.
Бұған дейін де Рыбакина топтық кезеңдегі алғашқы ойында америкалық Аманда Анисимованы (WTA - 4-орын) 6:3, 6:1 есебімен жеңген болатын.
Енді топтық кезеңнің соңғы матчында Елена Рыбакина АҚШ спортшысы Мэдисон Кизбен (WTA – 7-орын) кездесетін болады.