Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елена Рыбакина Чехияда әлемнің 17-ракеткасын жеңді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Отандасымыздың қарсыласы әлемнің 17-ракеткасы, америкалық Мэдисон Киз болды. Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тағы Цинциннати жарысында Киз Еленаны 6:2, 6:4 есебімен ұтқан еді. Бұл жолы бірінші партияда америкалық спортшы басымдылық танытты - 7:5. Есесіне екінші сетте Рыбакина ойын тізгінін қолына алыр, қарсыласынан айласын асырды. Есеп: 6:3.

Үшінші партия да отандасымыздың пайдасына шешілді. Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен көзге түсті. Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 16-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенко немесе рейтингіде 31-сатыдағы Беларусь өкілі Александра Сасновичтің біреуімен таласады.

Жүлде қоры 611 210 еуроға бағаланған жарыс 9 қазанда мәреге жетеді. Айта кетейік, бұған дейін үлкен теннистен әйелдер арасындағы жекелей сында отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанған еді. Финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады