Ауданның орталық мештінің бас имамы Бердібек Нұқтарұлымен бірге “Зекет қайырымдылық қорының” өкілі Қанат Егізов ұйымдастырған оқу курстары аяқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
“Жаздық оқу дәрісі” деп аталатын курс өз мәресіне сәтті жетіп, оқып,білім нәрін татқан бүлдіршіндерді марапаттап, олардың ата-аналырына арнайы алғыс хаттар табысталды.
- Әрбір қатысушыға сыйлықтар үлестіріліп, балалар мәз-мейрам болып қайтты. Дәрістің ережелеріне сәйкес, Құран кәрімде өз мәнеріне келтіріген және отыз параны жатқа оқыған қатысушылардың арасында жүлделі орындар анықталды. Бүлдіршындер, бұл шараны көруге келген ұстаздармен ата-аналардың ыстық ықыласына бөленді – дейді Талдықорған қаласынының орталық мештінің ресми парақшасы.
Оған қоса, өңіріміздің орталық мешіттің ұстазы - Жасұлан Каманбекұлы осы хадиске амал етіп, жаз уақытында, яғни, үш ай көлемінде балаларға дәріс беріп келген екен.
Естеріңізге сала кетсек, бірнеше апта бұрын, қасиетті ақындар мен жыраулар елі саналатын Қаратал аудандының мешітіне жаңа бас имам тағайындалған болатын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес, жаңадан тағайындалған имамды жұмаға жиналған жамағатқа Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы таныстырды. Бұл жауапты қызметке Нұқтар ұлы Бердібек тағайындалды.
Білімі жоғары, 2011 жылы, Алматы облысының Қарасай ауданындағы Үшқоңыр медресе колледжін, ал биыл, 2021 жылы шет тілдері карьера университетін дінтану мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек өтіліне келетін болсақ, 2011-2012 жылдары Ескелді аудандық мешітінің найб имамының қызметін атқарған. Ал 2016 жылға дейін, сол өңірдің Ешкіөлмес ауылдық мешітінің имамы болған. 2016-2020 жылдар аралығында Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентінде, орталық мешітінің бас имамы, 2020 жылы Талдықорған қаласы "Тәубе" мешітінің найб имамы қызметтерін абыроймен атқарған.