Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Алматыда 24 білім нысаны – білім ордалары, балабақшалар және колледждер салынды

Биыл Алматыда 24 білім нысаны – білім ордалары, балабақшалар және колледждер салынды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы Алматыда барлығы 24 білім нысанының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, үш ауысымды оқытуды және сыныптардың шамадан тыс толуын жою – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Бұл тікелей білім сапасы мен оқушылардың жайлылығына әсер етеді.2025 жылы Алматыда барлығы 24 білім нысанының құрылысы аяқталды.

«Сапалы білім беруге қолайлы жағдай жасау – стратегиялық мақсат. Әр бала қауіпсіз әрі заманауи ортада оқуы үшін жаңа оқу орындарын салып, ғимараттарды жаңартып жатырмыз», – деді спикер.

Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 500 оқушы орнына арналған 12 жаңа оқу мекемесі бой көтерді. Оның ішінде 7 білім ордасы жаңа оқу жылының басында ашылды.
Ашылған білім мекемелері қатарында:• №217 – «Самғау» ш/а (2000 орын),
• №218 – «Қарасу» ш/а (2000 орын),
• №219 – «Теректі» ш/а (2000 орын),
• №214 – «Нұрлы дала» ТК (1500 орын),
• №216 – Райымбек даңғылы, 210 (1500 орын),
• «Ақбұлақ» шағын ауданындағы оқу кешені (1500 орын),
• №215 – Розыбакиев–Левитан көшелерінің қиылысы (1500 орын)
білім ордалары бар.

Екінші тоқсанда «Құрамыс», «Шұғыла», «Қарағайлы» шағын аудандарында және C.Әшімов пен Егізбаев көшелеріндегі 5 заманауи оқу ордасы іске қосылады.

Сонымен қатар, жеке инвесторлар есебінен 11,7 мың оқушыға арналған 8 оқу ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Бұл білім нысандарын қала әкімдігі кейін сатып алып, келесі жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Жаңа оқу орындары негізінен оқушы орны жетіспейтін, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатқан аудандарда салынған. Бұл – жаңа форматтағы, заманауи жабдықтармен қамтылған, балаларға барынша қолайлы білім кеңістігі.

Бұдан бөлек, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай 900 орындық, жатақханасы бар Абай атындағы мектеп-интернат салынды. Сондай-ақ Алатау және Наурызбай аудандарында 890 орындық екі жаңа оқу нысанының құрылысы жалғасып жатыр.

Бейбіт Шахановтың айтуынша, қалада 17 білім ордасында қауіпсіздік пен сапаны арттыру мақсатында реконструкция және сейсмокүшейту жұмыстары жүргізілуде, ал 5 оқу орны (№161, 33, 10, 189, 191) толық жаңартылды. Сонымен қатар 30 нысанның жөндеу жобалары дайындалуда, оның 26-сы «Мектептерді реновациялау» бағдарламасы аясында іске асырылады.

Кешенді жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін Алматыдағы оқушы орны тапшылығы 34 мыңнан 5–6 мыңға дейін азаяды деп күтілуде.

Сонымен қатар әкім орынбасары балабақша құрылысы туралы айтты. Биыл №10 шағын ауданында 160 орындық жаңа балабақша ашылды. Ал «Жас Қанат», «Алтын Бесік», «Шұғыла», «Құрамыс», «Қарағайлы» аудандарында 1260 орынға арналған тағы 5 мектепке дейінгі мекеме салынып жатыр. 9 балабақша қайта жөнделуде, соның ішінде «Орбита-3» шағын ауданындағы бұрынғы ғимарат жаңартылып, 480 орындық заманауи балабақшаға айналды.

Тағы 16 мектепке дейінгі нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр, оның төртеуінің құрылысы 2026 жылдың алғашқы тоқсанында басталады.

Қалада қосымша білім беру инфрақұрылымын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Биыл Вахтангов көшесінде күніне 900 бала қабылдай алатын шығармашылық даму орталығы салынды. Ал «Саялы» шағын ауданында 1350 орындық ірі орталықтың құрылысы жүріп жатыр, ол 2026 жылдың қыркүйегінде аяқталады.

Қала әкімінің орынбасары атап өткендей, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық мамандықтардың беделін арттыру үшін қалада 1770 орындық және 418 жатақхана орны бар екі колледж салынып жатыр. Олар телекоммуникация, машина жасау және инновациялар бағытындағы мамандарды даярлайды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті