Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жергілікті сенбілік ұйымдастырылды. Бұл туралы Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, коммуналдық қызметтер, бизнес құрылымдары мен қала тұрғындары қатысты. Сенбілікке жалпы 2300-ден астам адам және 211 арнайы техника жұмылдырылып, шамамен 1680 текше метр қоқыс шығарылды, -делінген хабарда.Сенбілік қаланың барлық сегіз ауданында өтті. Арық желілері мен қоғамдық кеңістіктер тазаланып, жол бойы сыпырылып, жуылды, іргелес аумақтар мен шағын бизнес нысандары абаттандырылды. Көгалдандыру жұмыстарына ерекше назар аударылып, 2 мыңнан астам үйеңкі, қарағай, жөке және қараған ағаштары отырғызылды
Бүгін, 15:56
«Таза Қазақстан» сенбілігі: мыңдаған алматылық қала тазалығын сақтауға атсалысты

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Таза Қазақстан» сенбілігі: мыңдаған алматылық қала тазалығын сақтауға атсалысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз