Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 150 мыңнан астам тұрғын жалпы қалалық сенбілікке шықты

Астанада 150 мыңнан астам тұрғын жалпы қалалық сенбілікке шықты
Фото: Астана қ.әкімдігі

11 қазан күні, елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты кең ауқымды экологиялық акция аясында үлкен жалпы қалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оған 150 мыңнан астам қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, волонтерлер, жастар, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен әртістер, мемлекеттік органдар қызметкерлері, бизнес өкілдері және басқа да азаматтар қатысты.

Олардың әрқайсысы елорданың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз ету ісіне өз үлесін қосты. Көпқабатты үйлердің тұрғындары бірігіп, өз аулаларын тазалады.

Сенбілікке 150 мыңнан астам адам, 4 мыңнан аса кәсіпорын, ұйым және мекеме қатысып, шамамен 800 арнайы техника тартылды.

Экоакция аясында Астананың барлық алты ауданында 11 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Сондай-ақ экологиялық акция аясында Мемлекет басшысы волонтерлермен және экобелсенділермен бірге елордалық Ботаникалық бақ аумағына ағаш отырғызуға қатысты. Барлығы 150 ағаш отырғызылды, олардың қатарында емен, алма және тораңғы бар.

Тораңғы ағашы Астанада алғаш рет осы акция барысында отырғызылды. Бұл ағаштың ерекшелігі – төзімділігі мен температураның күрт ауытқуына бейімделгіштігі.

Ботаникалық бақ аумағына тораңғы отырғызудың экологиялық маңызы зор: ол топырақты бекітеді, ылғалдандырып, биологиялық алуандықтың сақталуына ықпал етеді.

Сенбілік барысында кең көлемді жұмыс жүргізілді: 20 мыңнан астам аула тазартылды, 100-ден астам саябақ пен сквер абаттандырылды, 84 тарихи-мәдени нысан ретке келтірілді, 200 тонна қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ 200 әлеуметтік нысанның – мектептердің, балабақшалардың, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қорғау мекемелерінің, сондай-ақ өнеркәс

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті