Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы он қиылыста «вафельді» жолақтар пайда болды

Алматыдағы он қиылыста «вафельді» жолақтар пайда болды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Қалалық көлік қозғалысын және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру басқармасы Полиция департаментімен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және кептелістерді азайту бойынша кешенді жұмыстарды жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік жүргізушілерінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 594-бабында көзделген талаптарды бұзуын болдырмау мақсатында қаланың он қарқынды қозғалысты қиылысында 1.28 санды жолақ – «реттелетін қиылыс аймағын белгілеу» (яғни, «вафельді» жолақ) сызылды. Жаңа жолақтар келесі көше қиылыстарында пайда болды:

•Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы;
•Абай даңғылы – Масанчи көшесі;
•Абай даңғылы – Брусиловский көшесі;
•Абай даңғылы – Момышұлы көшесі;
•Абай даңғылы – Тұрғыт Озал көшесі;
•Абылай хан даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі;
•Сәтбаев көшесі – Наурызбай батыр көшесі;
•Сәтбаев көшесі – Жароков көшесі;
•Жандосов көшесі – Жароков көшесі;
•Розыбакиев көшесі – Төле би көшесі.


Бұл шара көліктердің тоқтаусыз жүруіне және жол қозғалысы кезінде көліктердің кептеліс жағдайында қиылыстың ортасында тоқтап, көлденең бағыттағы қозғалысқа кедергі келтірмеуге бағытталған. Басты мақсат – жүргізушілер тәртібін күшейту, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және әсіресе, қарбалас сағаттарда көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету. Әкімшілік полиция басқармасымен және «Көркем Телеком» ЖШС-мен бірлесіп, аталған аумақтарға фото және бейнебақылау камераларын орнату бойынша пилоттық жобаны алды. Егер оң нәтиже көрсетсе, жоба кезең-кезеңімен қаланың басқа көшелерінде де енгізіледі. «Вафельді» жолақтар мен заманауи бақылау жүйелерін қолдану – Алматыдағы жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және жол қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады