Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Травмпункт, операция бөлмелері: Астанада жаңа медициналық кешен салынып жатыр

Травмпункт, операция бөлмелері: Астанада жаңа медициналық кешен салынып жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада жаңадан қабылдау-диагностикалық кешеннің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Медициналық кешен осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің басапасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаңа қабылдау-диагностикалық кешен (РДК) болашақта флагмандық орталық болып саналады, ол – соңғы халықаралық стандарттарға сай жобаланған және жабдықталған заманауи ғимарат. Бұл кешен екі ғимаратты – №2 клиникалық және акушерлік қалалық көпсалалы аурухананы біріктіреді, бұл барлық пациенттерді бір жалпы қабылдау бөлмесінде қабылдауға мүмкіндік береді», - деді елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.

Әлия Рүстемованың айтуынша, жаңа медициналық мекемеде қаланың сол жағалауының тұрғындарына арналған травматологиялық пункт орналасады, өйткені, белгілі болғандай, қазір қалада оң жағалауда ересектерге арналған тек үш травматологиялық пункт жұмыс істейді.Жедел жәрдем бөлмесіндегі науқастардың ағымы triage жүйесімен реттелетін болады: науқастарды сұрыптау және шұғыл медициналық көмек көрсету (1-2 қабаттарда орналасады).

«Алдын ала болжамды жүктеме күніне шамамен 900 сұранысты құрайды. Мұнда науқастарға шұғыл ота жасалатын операциялық бөлмелер де бар. Операция бөлмелері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады. Сол сияқты КТ, МРТ және ангиограф болады», - деп қосты басқарма басшысы.

Басқарманың мәліметтері бойынша, жаңа PACS жүйесі орнатылады, жасанды интеллект бойынша, ол рентгенологтар үшін қосымша құрал болады.14 төсектік қосымша жансақтау бөлімін ашу жоспарланып отры. Қабылдау бөлімі сары және қызыл ағындарға бөлінеді: 14 төсектік шок палатасы және 14 төсектік жалпы қабылдау бөлімі. Сондай-ақ, 70 төсектік екі бөлімше ашу жоспарланып отыр.Бүгінде №2 қалалық көпсалалы ауруханада инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың жүзеге асыру тәжірибесін үйренуге Қазақстан Республикасының барлық өңірінен адамдар келеді.







скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді