Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақылы бөлімде білім алып жүрген Шерхан Қалмұрза мемлекеттік грантқа ие болды

Ақылы бөлімде білім алып жүрген Шерхан Қалмұрза мемлекеттік грантқа ие болды
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

"Реал Мадридпен" болған матчтан кейін танымал болған "Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға 2025 жылы 6 қазанда тегін білім гранты бұйырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Шерхан Қалмұрзамен жүздескені белгілі болды. Кездесу барысында министр бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталып, сондай-ақ жоғары білімнің болашақ ұрпақты қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

"Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуына айрықша мән береді. Президент өз сөзінде: "Балалардың амандығы, олардың денсаулығы және сапалы білім алуы – еліміздің келешегіне тікелей қатысы бар мәселе", – деген еді. Осы бағытта біз де жастарды жан-жақты қолдап, олардың әлеуетін ашуға және еліміздің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға жағдай жасап келеміз. Сондай-ақ барлық спортшылар халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуы қажет екенін атап өткім келеді. Бұл оларға спорттағы жоғары жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар спорттық мансабын аяқтағаннан кейін де түрлі салаларда қалыптасуға мүмкіндік береді. Жас қақпашының көрсеткен тарихи нәтижесі – бүкіл қазақстандық жастар үшін жарқын үлгі. Оны осы жетістігімен құттықтаймын және алдағы ойындарда сәттілік тілеймін!" – деді Саясат Нұрбек.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті