Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 16 мамырдан 10 шілдеге дейін 46 өңірлік тестілеу орталықтарының базасында өткізілгенін хабарлады. Оған 210,2 мыңнан астам талапкер қатысты, олардың 76,35%-ы (160,5 мың адам) шекті көрсеткішінен асыра балл жинады. ҰБТ-ның орташа нәтижесі 69,42 балды құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2025 жылы мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық. Биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 232 грант бөлінді, оның ішінде 77 084 грант жоғары білім алуы үшін бөлінді. Конкурс қорытындысы бойынша гранттар 99% көлемінде игерілді»,— деді министрСоның ішінде 2,5 грант Атырау және Маңғыстау облыстарының жастарына берілді, «Серпін» жобасы бойынша 2004 грант, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарында оқу үшін 2 365 грант, халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларға 9,5 мың грант, қандастарға 2, 1 мың грант берілді. Сондай-ақ, алғаш рет мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін 2 010 білім беру гранты бөлінді.