Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ахмет Ясауи университетінің ғалымы 3000 кітап қорын оқу орда кітапханасына сыйлады

Ахмет Ясауи университетінің ғалымы 3000 кітап қорын оқу орда кітапханасына сыйлады
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымы, елге танымал түрколог Шәкір Ибраев оқу орда кітапханасына 3000 кітап қорын сыйға тартты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Шәкір Ибраев – «Парасат» орденінің иегері, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор. Түркітану ғылымына ерен еңбегі сіңген, классикалық академиялық мектептен өткен белгілі тұлға.

Биыл Шәкір Ибраев 75 жасқа толды, ғалымның мерейтойына орай Ахмет Ясауи университетінде «Түркология және Шәкір Ибраев зерттеулері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл жиын оқу орнының бастамасымен әр 2 жылда өтетін халықаралық ХІ Түркология конгресі аясында ұйымдастырылды.

Ғалымның айтуынша университет кітапханасына тарту еткен кітап қорында өзінің жазған еңбектері, сонымен қатар өмір бойы жинаған, сыйға алған өзге еңбек авторлары мен ғалымдардың қолтаңбалары қойылған кітаптары бар. Оның қатарында: қазақ, түрік, әзірбайжан, өзбек, қырғыз, башқұрт, ұйғыр, татар, араб, тува, т.б тілдерде жазылған энциклопедиялар, түрлі сөздіктер, философия, фольклор, тілтану, әдебиеттану, көркем әдебиет, өнер, тарих т.б. салалардағы кітаптарды кездестіруге болады.

Сонымен қатар 1937, 1938, 1940 жылдары шыққан «Қазақ совет әдебиеті», «Әдебиет хрестоматиясы» сынды өзге де ескі басылымды кітаптар бар.

Қордың ішінде оқырмандардың қызығушылығын тудыратын өте құнды, қайта басылып шығарылмайтын ескі басылымдар көп. Бұл – бүгін мен келешек ұрпаққа жасалған бағасы биік рухани мұра.

Кітапхана қызметкерлері 3000 кітапты салалары бойынша бөліп, өңдеуден өткізді. Арнайы базаға енген кітаптарды оқырмандар кітапхана сөрелерінен алып, оқуды бастап кетті.

Университет кітапханасына берілген бұл қор профессор-оқытушылар мен студенттерден бастап, өзге де оқырмандар үшін білімнің таптырмас қайнар көзіне айналды. Түркітану саласына саналы ғұмырын арнаған ғалымның жылдар бойы жинаған білім көздерін оқу ордаға сыйға тартуындағы басты мақсаты да осы еді. Осылайша Шәкір Ибраев өзінен кейінгі жас зерттеушілердің игілігі мен ғылым жолындағы бастамаларына қолдау көрсету үшін өзіндегі бар байлығымен бөлісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті