Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдан басталған тазалық эстафетасы Шымкентке жетті

Алматыдан басталған тазалық эстафетасы Шымкентке жетті
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына сәйкес елімізде экологиялық мәдениетті дамыту және қоршаған ортаны қорғау бағытында жүйелі шаралар атқарылып келеді. Осы орайда, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты «Taza Qazaqstan» жалпыұлттық акциясы аясында республикалық Road-эстафетасын ұйымдастырды. Жобаға Экология және табиғи ресурстар министрлігі қолдау білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 қыркүйекте Алматыдан басталған эстафета қатысушылары шамамен 800 шақырым жол жүріп, Жамбыл облысы арқылы Шымкентке жетті. Жол бойында ұйымдастырылған акциялар барысында тұрғындарға қоқыстың табиғатта ұзақ жылдар бойы шірімейтіні түсіндіріліп, алғашқы үш күнінде 600-ден астам белсенді қатысып, 90 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Бастаманың ерекшелігі – тек қоқыс жинау емес, сондай-ақ қоғамдық қабылдаулар өткізіп, халықпен еркін пікір алмасу. Сонымен бірге қатысушылар тарихи нысандарға аялдап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, «Ақыртас» кешені мен Сауран қалашығында аумақтарды абаттандыру шаралары ұйымдастырылды.

Шымкентке келген эстафетаны жергілікті жастар ерекше ықыласпен қарсы алды. Қаладағы студенттер мен еріктілер тазалық жұмыстарына белсенді атсалысып, гүл отырғызу және қоқыс сұрыптау шараларына қатысты. Сондай-ақ, шымқаладағы эстафета аясында жастарға арналған экоактивити жобалары өткізілді. «Қоқысты өткіз – сыйлық ал» акциясы арқылы тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеуге тапсыру мәдениеті насихатталды.

Бұған қоса, экологиялық викториналар, қайта өңделген материалдардан бұйым жасау шаралары өткізілді. Гүл отырғызу бойынша арнайы мастер-класс өтті. Оған Dasik_begonia және Gulhome.Store2 мекемелерінің бағбандары қатысып, жастарға гүл отырғызудың қыр-сырын үйретті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті