Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Стоматология арқылы зейнетақы қаражатын шығару: ҚМА үндеу жасады

Стоматология арқылы зейнетақы қаражатын шығару: ҚМА үндеу жасады
Фото: Tengrinews.kz

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) атышулы "стоматология іс" бойынша емхана иелеріне іздеу жариялады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған стоматологиялық клиникалардың иелерін іздестіріп жатыр:

  • Дуйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 жылы туған.
  • Иманбаев Габбас,18.05.1998 жылы туған.
  • Елешев Есимхан Баяндиевич, 11.09.1987 жылы туған.

"Аталған азаматтар 46 миллиард теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл мақсатта олар тіс емдеу қызметі көрсетілгендей жалған медициналық құжаттарды рәсімдеген.

Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген", - делінген хабарламада.

Дүйсенов А.Қ., Иманбаев Г., Елеушев Е.Б.-ке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды.

"Айыпталушылардың бірі - Дүйсенов А.Қ. бұрын полиция қызметкері болған, алайда теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған. 2016 жылы ол Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу") және 362-бабы ("Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану") бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған".

"Іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне төмендегі нөмір бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: +7 (7172) 70 84 78 – кезекші бөлім.

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі", - делінген хабарламада.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті