Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жылдың басты спорттық оқиғасы: Алматы «Реал Мадридті» қарсы алады

Жылдың басты спорттық оқиғасы: Алматы «Реал Мадридті» қарсы алады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыға әлемнің ең атақты футбол клубтарының бірі «Реал Мадрид» келді. Бұл сапар қала үшін тарихи оқиғаға айналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық стадион мадридтік команданы қабылдауға сақадай-сай дайын: алаң халықаралық стандарттарға сай, жарық беру жүйесі мен инфрақұрылым тексерілді. Төрешілер мен ойыншыларға барлық жағдай жасалған, киім ауыстыратын бөлмелер жабдықталып, спортшылардың жайлылығы үшін қажетті нәрселермен қамтамасыз етілген.

Стадионның ішкі безендірілуіне ерекше көңіл бөлінді: трибуналар жаңартылды, Алматы қаласының айдентикасы мен стадион сәулетіне сай жаңа көркем суреттер жасалды. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін 1,5 мыңнан астам орындық ауыстырылды, санитарлық тораптар жаңартылып, қосымша 60 биодәретхана орнатылды.

Матч кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Алматы қаласы Полиция департаментінің 2 382 қызметкері жұмылдырылады. Бақылау-өткізу бекеттеріне металл детекторлар мен қол сканерлері қойылды. Стадион аумағында жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндіру бригадалары кезекшілік етеді, эвакуация жоспарлары мен дабыл беру жүйесі тексерілді.

Матч аяқталған соң жанкүйерлердің үйлеріне жайлы жетуі үшін 60 автобус ұйымдастырылады. Олар Абай, Сәтбаев және Байтұрсынұлы көшелерімен қозғалып, алты бағытта қатынайды:
* Орталық стадион – «Алматы Арена» – батыс бағыты;
* Орталық стадион – Райымбек/Алатау – батыс бағыты;
* Орталық стадион – Алматы-1 теміржол вокзалы;
* Орталық стадион – Орбита шағынауданы;
* Орталық стадион – Жұлдыз шағынауданы – шығыс бағыты;
* Орталық стадион – Әуежай – шығыс бағыты.

Осылайша, «Реал Мадридтің» Алматыға келуі Орталық стадионның жан-жақты дайындық жұмыстарымен қатар өтті: алаң, жарық, трибуналар мен инфрақұрылым жаңартылды, қауіпсіздік пен көлік қатынасы қамтамасыз етілді. Қала тұрғындары мен қонақтары тарихи оқиғаның куәсі болу үшін бәрі әлемдік стандартқа сай жасалған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті