Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық қыз биіктігі бойынша Жер бетіндегі сегізінші шыңды бағындырды

Қазақстандық қыз биіктігі бойынша Жер бетіндегі сегізінші шыңды бағындырды
Фото: instagram.com/zhamilya_bashirova

Астаналық альпинист Жәмилә Баширова Манаслуды (8163 метр) бағындырды. Бұл - биіктігі бойынша Жер бетіндегі сегізінші шың, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшының айтуынша, экспедицияға дайындық бірнеше айға созылған және оған таудағы жорықтармен қатар, үнемі залда жаттығу да кіреді.

"Жай ғана тауға шыққың келіп, бірнеше рет залға кірсең дайынсың деген сөз емес. Бұл - тұрақты жұмыс: аптасына 3–4 рет жаттығу, жүгіру, төзімділікке шыңдалу. Тек солай ғана ағза биіктікке бейімделеді", - деді Жәмилә.

Шыңға шығу үшін топ 4 қыркүйекте Катмандуға барған, ал 6-сы күні белгіленген орынған ұшып кеткен. Суыққа бейімделіп, 6500 метрден жоғары биіктікте бірнеше түн өткізген соң топ жолға шыққан. Жәмиләның айтуынша, бастапқыда шыңға көтерілу 24 қыркүйекке жоспарланған, бірақ жоспар өзгерген.

"23-і күні тауға кешке көтеріліп, шыңда күннің батқанына куә болуды ұйғардық. Әдетте тауда күннің шығуын күтеді, ал біз күннің батқанын тамашалық", - деді ол.

Ауа райының нашарлауына қарамастан, топ шыңға жетіп, қараңғы түспей суретке түсіп үлгерген.

Альпинист "7 шың" жобасын аяқтауды жоспарлап отыр. Ол үшін әлі екі тау - Солтүстік Америкадағы Денали мен Африкадағы Килиманджаро қалған.

Спортшы Эверестке, Ленин шыңына, Аконкагуаға, Эльбрусқа (екі рет) және Винсонға көтерілген. Манаслу оның 7000 метрден асқан бесінші, ал сегізмыңдықтардың ішінде екінші шыңы болды.

"Армандар біздің өмірімізді жарық әрі мәнді етеді. Бүгін менің арманым орындалды. Бұл - тек менің сенімімнің ғана емес, сіздердің қолдауларыңыздың да жемісі", - деп түйіндеді ол.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті