Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

8 айда негізгі капиталға 11,5 трлн теңге инвестиция тартылған

8 айда негізгі капиталға 11,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Фото: pixabay.com

8 айдың ішінде елде зауыттар салып, жол мен тұрғын үй тұрғызуға, өндіріс орындарын жабдықтауға 11,5 трлн теңге инвестиция тартылып, негізгі капиталға жыл басындағы көрсеткіштен 14,3% артқан. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тлішісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

— 8 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14,3% өсіп, 11,5 трлн теңгеге жетті. 2024 жылдың 8 айындағы көрсеткішпен салыстырғанда инвестиция өсімі қаржы және сақтандыру қызметінде 204,1%, білім саласында 192,8%, өңдеуші өнеркәсіпте 134,3%, ауыл шаруашылығында 129,1%, көлік саласында 115,1%, жылжымайтын мүлік саласында 111,4% тіркелді, — деді вице-министр.

Оның сөзінше жалпы тәуелсіздік жылдарында елге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 465 млрд долларға жектен.

— 2025 жылдың бірінші тоқсанында тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 6,6 млрд доллар болды. Бұл 2024 жылдың 8 айымен салыстырғанда 6,2% көп, — деді Арман Қасенов.

Еске салсақ, ел экономикасының басым секторларында жаңа инвестициялық жобалар бекітілген болатын.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті