Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында полицейлер тұрғынды алаяқтықтан сақтап қалды

Абай облысында полицейлер тұрғынды алаяқтықтан сақтап қалды
Фото: Polisia.kz

Абай облысында полицейлер алаяқтардың кезекті қулығының алдын алып, Семей қаласының тұрғынын қаржылық шығыннан аман сақтап қалды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Семей қаласының 27-жастағы тұрғыны сауда үйлерінің бірінде жүрген кезде белгісіз бір нөмірден WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама түсіп, өзін “жеткізу қызметінің” өкілі ретінде таныстырған адам сәлемдеме келгенін, оның жақын арада мекенжайына жеткізілетінін хабарлайды. Алайда қала тұрғыны ешқандай тапсырыс бермегенін айтып, күмәнданып, қоңырауды үзеді. Бірақ көп ұзамай оған бұл жолы өзін банк қызметкерімін деп таныстырған тағы бір адам хабарласып, бұған дейінгі сөйлескен адамы алаяқ екенін, енді оның шотындағы ақшаларға қауіп төніп тұрғанын айтып, жағдайды "түзету" үшін арнайы бір кодты айтып жіберуді сұрайды. Тұрғын әлі де болса сене қоймағанымен, қысым мен қорқыныш астында ойланып үлгермей жатқанда, үшінші адам бейнеқоңырау шалып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырады. Ол алаяқтарды ұстау үшін арнайы операция жүргізіліп жатқанын, тұрғынның банктік шотына қауіп төніп тұрғанын айтып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір нұсқаулықтарды орындауын талап етеді. Осы сәтте тұрғын абдырап, жағдайдың шын-өтірігін ажырата алмай қалған болатын.

Алайда дәл осы кезде сауда үйлерінің бірінде жүрген нағыз полиция қызметкері қыздың алаяқпен сөйлесіп тұрғанын байқап қалып, дереу әрекет етеді. Қасына жақындап барып, қоңырауды бірден  үзуін сұрап, жағдайдың мән-жайын түсіндіреді. Нағыз тәртіп сақшысының жедел әрі кәсіби араласуының арқасында тұрғын алаяқтардың құрбаны болудан аман қалды. Ол полиция қызметкеріне алғысын білдіріп, дәл сол сәтте полицияның жанынан табылуы– өзіне көрсетілген үлкен көмек пен сәттілік екенін атап өтті. Полиция аталған оқиғаға байланысты азаматтарға маңызды ескерту жасайды: бейтаныс адамдардан келген кез келген қоңырауға немесе хабарламаға сенуге болмайды. Әсіресе, өздерін банк қызметкері, жеткізу қызметі не құқық қорғау органының өкілі ретінде таныстыратын адамдардан сақ болу қажет.  

Ешқашан банк картасының мәліметтерін, СМС арқылы келген кодтарды немесе жеке құпия ақпаратты ешкімге беруге болмайды. Егер осындай күмәнді жағдайлар орын алса, дереу “102” нөміріне хабарласып, жағдайды нақтылау ұсынылады. Қырағылық пен сақтық – алаяқтардан қорғанудың ең басты жолы. Полиция тарапынан атқарылып жатқан түсіндіру жұмыстары мен жедел әрекеттер осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Азаматтардан да осындай оқиғаларға бей-жай қарамай, өз қауіпсіздіктеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы сұралады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті