Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда нөсер кезінде 13 көлікке зақым келген көшені тағы да су шайып кетті

Алматыда нөсер кезінде 13 көлікке зақым келген көшені тағы да су шайып кетті
Фото: Tengrinews.kz

23 қыркүйекте Алматыда нөсер жауын Аманжол көшесінің учаскесіне тағы да зақым келтірді. Жергілікті тұрғындар "жаңбырдан кейін жол арыққа айналады" деп шағымданды. Бір апта бұрын дәл осы жерде 13 көлікке зақым келді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын су жоғарғы көшелерден төмен қарай ағып, жол шайылып кетуіне себеп болғанын айтты. Алматылықтың сөзінше, осы көшеде 13 көлікке зақым келгеннен кейін коммуналдық қызметтер тек жолдың үстін көміп қойған, салдарынан көше қайтадан шайылып кеткен.

"Сол оқиғадан кейін алты күн өтті, жаңбыр бәрін қайтадан шайып кетті. Олар арықтарды қосу үшін жер қазды, бірақ жұмыс аяқталмады. Құбырларды жол жиегіне тастап кетті. Енді бүкіл көше бір тұтас арыққа айналды", - деді ол.

Әуезов ауданы әкімдігі мәліметінше, инженерлік желілерді төсеу жұмыстарына байланысты мәселе туындаған. Салдарынан арық жүйесінде бөгет пайда болып, жаңбыр суы жиналып қалған.

"Жауын-шашын басталғанға дейін су басу қаупі бар жерлер жабылды. Қазір бұл учаскеде 5 техника мен 15 жұмысшы жұмылдырылған. Жол төсемінің астындағы өткелдер тазаланып жатыр, жағдай бақылауда", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Аманжол көшесінде QAZAQGAZ AIMAQ АҚ газ құбырын салып жатыр. Жоба аяқталғаннан кейін мердігер жол төсемін ретке келтіреді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті