Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік министрлігі: көлік саласы жаңа астық өнімін тасымалдауға толық дайын

Көлік министрлігі: көлік саласы жаңа астық өнімін тасымалдауға толық дайын
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның көлік инфрақұрылымы жаңа егіннің астығын тасымалдауға толық дайын. 2024-2025 маркетинг жылында 13,3 млн тонна астық тасымалданып, көрсеткіш 45%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агроөнеркәсіп кешенінің басты мақсаты – өнімді уақытылы сатып,  қоймаларды жаңа астыққа босату.

2024-2025 маркетинг жылында 13,3 млн тонна астық тасымалданып, 45%-ға өсті, оның ішінде 10,3 млн тонна экспортқа және 3 млн тонна республика бойынша жеткізілді.

«Негізгі бағыттарда оң динамика байқалады. Бөлек айтқанда, Қытай бағытында астықтың көлемі төмендегенмен,  азықтық ұн 2 млн тоннаға жетіп, 4,6 есеге өсті. Бұл өңдеушілердің қосылған құны жоғары өнімді шығарудың арқасында мүмкін болды. Қолданыстағы парк астық жүктерін тасымалдау үшін жеткілікті. Мысалы, астық таситын вагондар 16,3 мыңға және ұн тасуға арналған жабық вагондар саны 16,5 мыңға жетті. Және Ұлттық операторда 1,7 локомотив бар», — деді көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Сонымен қатар мемлекетаралық пунктілер астықты жоғары деңгейде тасымалдауға дайын. Ол үшін осы пункттерде пойыздарды өткізу мүмкіндігі жеткілікті. Мәселен, Өзбекстан және Орталық Азия бағытында өткізу қабілеті тәулігіне 42 пойызға, ал Қытай бағытына 43 пойызға жетті. Ресей бойынша 85 пойызға дейін мүмкіндік бар.

Осылайша, экспорттау үшін резервтер қарастырылған, мемлекетаралық пункттерінің мүмкіндіктері астықтың жаңа өнімін тасымалдауға жетеді. Көлік саласы егіннің жаңа астығын толық көлемде тасымалдауға дайын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті