Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында полиция браконьерлік фактілерін анықтады

Қарағанды облысында полиция браконьерлік фактілерін анықтады
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы екі ірі браконьерлік деректі әшкереледі. Нәтижесінде Теміртау және Астана қалаларының тұрғындары ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы оқиға Осакаров ауданында табиғатты қорғау полициясы мен жергілікті аңшылық қоғамы қызметкерлерімен бірлескен рейді кезінде болды. Тексеру барысында Теміртау қаласының екі тұрғыны басқарған көліктерден жалпы салмағы 120 келіден асатын бұғы еті табылды. Күдіктілердің ешқандай рұқсат құжаты болмаған. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің қарулары тәркіленді. Екінші дерек Нұра ауданында тіркелді. "Охотзоопром" инспекторымен бірлескен рейд кезінде Астана қаласының үш тұрғыны мінген көліктен төрт киіктің бөлшектелген еті анықталды. Олардан да тиісті құжаттар табылмады. Тінту барысында тіркелген мылтық пен пышақтар алынған. Аталған деректер бойынша заңсыз аңшылыққа және сирек жануарларға қатысты заңсыз әрекеттерге байланысты қылмыстық істер қозғалды. Сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады