Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Бейбітшілік пен келісім саябағын ашты

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Бейбітшілік пен келісім саябағын ашты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылғаны туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Елордамыз күннен-күнге құлпырып келеді. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің қатысушылары Бейбітшілік пен келісім саябағын ашты. Табиғи-рекреациялық аймақ – Қазақстандағы әртүрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы достық пен бірліктің символы. Саябақ Тәуелсіздік даңғылы бойының көпір аймағында Есіл өзенінің бойында орналасқан. Саябақтың орталық элементі – «Өмір ағашы» монументі, ол мәңгілікті, үйлесімділікті және ұрпақтар арасындағы байланысты бейнелейді.

Күмбез пішініндегі монументтің ортасында емен ағашы отырғызылған, оның айналасы фонтанмен және су айдынымен қоршалған. «Өмір ағашының» айналасына төрт инсталляция орнатылған, олардың әрқайсысы бейбітшіліктің, келісім мен рухани бірліктің құндылықтарын бейнелейді. Сонымен қатар, саябақта каскадты сарқырама, «Жұлдызды аспан» туннелі, жаяу жүргіншілер жолдары, демалыс аймақтары жасалып, көгалдандыру жұмысы жүргізілді. Бұл оны тек символды ғана емес әрі қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы орынға айналдырады. Биыл біз жалпы көлемде 170 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз. Шамамен 1 миллион көшет отырғызылатын болады», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді