Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық мектептерде ерекше қажеттілігі бар оқушыларға кәсіптік білім беріледі

Астаналық мектептерде ерекше қажеттілігі бар оқушыларға кәсіптік білім беріледі
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы мектептерде соңғы екі жылда инклюзивті білім беруді қолдау мақсатында 21 арнайы кабинет ашылды. Басты мақсат – барлық баланың тең дәрежеде сапалы білім алуына мүмкіндік жасау, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда 1054 ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушы осы кабинеттерде заманауи жағдайларда оқып, әлеуметтік бейімделу мүмкіндігіне ие болып отыр. Инклюзивті кабинеттердің құрамына логопед, дефектолог және психолог бөлмелерімен қатар, қыш шеберханасы мен емдік дене шынықтыру кабинеті кіреді.

Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен биылдан бастап ерекше қажеттілігі бар балаларға кәсіптік білім беру жүйесі енгізіліп жатыр. Енді оқушылар бос уақытында өз қабілеті мен қызығушылығына сәйкес кәсіби бағыттарды меңгере алады. Мәселен, өсімдіктерді баптау, ас әзірлеу, тігіншілік сияқты салаларды үйрену мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл бастама олардың болашақта еңбек нарығына бейімделіп, әлеуетін толық ашуына жол ашады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді