Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада тағы үш мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды

Астанада тағы үш мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы №23, №29 және №60 мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Осылайша, Астана мектептеріндегі мұндай кеңістіктердің жалпы саны 21-ге жетті. Нәтижесінде 1054 ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы заманауи жағдайларда білім алып, бейімделу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Инклюзивті кабинеттер құрамына логопед, дефектолог және психолог бөлмелері, қыш шеберханасы мен емдік дене шынықтыру кабинеті кіреді. Бұл арнайы аймақтар балалардың қажетті дағдыларын дамытуға, сондай-ақ мектеп ортасында құрдастарымен бірге әлеуметтенуіне ықпал етеді. Мұндай формат дәстүрлі білім беру мен түзету сабақтарын біріктіріп, оқытуды қолжетімді әрі жайлы етеді. Айта кетерлігі, инклюзия кабинеттерінде ерекше балалардың қабілетіне қарай ерте кәсіптік мамандықтарға бейімдеу жобалары да енгізіліп жатыр. Бұл бастама олардың болашақта еңбек нарығына дайындалуына, әлеуетін толық ашуына жол ашады. Жоба тұжырымдамасы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен әзірленіп, жүзеге асырылуда.Қор инклюзия саласындағы отандық сарапшылармен бірлесіп, балаларға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған жүйелі жұмыстарды атқарып келеді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті