Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда мектептерінде тағы 10 инклюзияны қолдау кабинеті жұмысын бастады

Елорда мектептерінде тағы 10 инклюзияны қолдау кабинеті жұмысын бастады

Астана мектептерінде тағы 10 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Енді олардың жалпы саны 21-ге жетіп, 1054 ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала білім ала алады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Инклюзивті кеңістіктер логопед, дефектолог, психолог бөлмелері мен қыш шеберханасы бар арнайы аймақтан, сондай-ақ емдік дене шынықтыру кабинетінен тұрады. Мұның бәрі балаларға қажетті дағдыларды дамытуға және мектеп ортасына құрдастарымен бірге бейімделуге көмектеседі. Мұндай формат білім беру мен түзету сабақтарын біріктіріп, оқытуды қолжетімді әрі жайлы етеді.Жоба тұжырымдамасын «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры инклюзия саласындағы сарапшылармен бірлесіп әзірлеген және іске асырып келеді.

«Самұрық-Қазына» қоры үшін қоғамды қолдау әрқашан басым бағыт болып келеді. Біз спортты, медицинаны және инклюзияны жүйелі түрде дамытып отырмыз. Тек өткен жылы осы үш бағыттағы бастамаларымыз 700 мыңнан астам адамды қамтыды. Бастамалардың мақсаты – даму мен білім алуда тең мүмкіндіктер жасау», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов.

Кабинеттер «CharitySamruk Marathon» қайырымдылық марафоны барысында жиналған қаражат және қордың бюджеті есебінен жабдықталды.

«Бес жыл бұрын біздің отбасымыз №91 мектепке келген болатын, бүгін дәл осы жерде инклюзияны қолдау кабинеті ашылғанына өте қуаныштымыз. Белсенді тұрғын ретінде бұл оқиғаға өзімнің қатысым барын сезінемін, себебі мұндай кабинеттердің көбі Samruk Charity Marathon арқасында ашылуда. Соңғы екі жыл қатарынан осы марафонға қатысып жүрмін және менің үлесім де осындай маңызды іске қосылғанына қуаныштымын», – деді қала тұрғыны Сара Бәкірова.

Бүгінде мұндай кабинеттер Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шамамен 40%-ын инклюзивті біліммен қамтып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті