Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жасанды интеллект 1 млн-нан астам қазақстандықтың жұмысын алмастыруы ықтимал

Жасанды интеллект 1 млн-нан астам қазақстандықтың жұмысын алмастыруы ықтимал
Фото: pixabay.com

2025 жылғы 18 қыркүйекте Мәжіліс отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин жасанды интеллектінің Қазақстандағы еңбек нарығына ықпалы туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшсі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өндірістік үдерістерді автоматтандыру мен цифрландыруға бағытталған жаһандық үрдіс еңбек нарығына барған сайын айқын әсер етіп келеді.

"Генеративті жасанды интеллектінің пайда болуы адам еңбегін ығыстыру мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды. Министрлік Қазақстандағы жұмыспен қамтуға автоматтандыру мен ЖИ әсерін бағалау үшін зерттеу жүргізді. 423 кәсіби топқа жасалған талдау нәтижесі бойынша шамамен 25% жұмыс орны – яғни 2,2 миллионға жуық жұмыс орны орташа және жоғары деңгейде автоматтандырылу қаупіне ие. Соның ішінде 1 миллионнан астам жұмыс орнын генеративті жасанды интеллект алмастыруы ықтимал", – деді Олжас Анафин.

Вице-министрдің сөзінше, ең үлкен қауіп ірі қалаларға – Алматы, Астана және Шымкентке тән. Бұл шаһарларда жұмыс орындарының үштен біріне жуығы автоматтандырылуы мүмкін.

Вице-министрдің айтуынша, салалар бойынша алғанда ең осалдары – қаржы, ақпараттық технологиялар, ғылым және денсаулық сақтау.

Дегенмен ол жұмысшылардың жаппай ығыстырылуы болмайтынын атап өтті.

"Қазақстанда еңбек құны салыстырмалы түрде төмен, сондықтан автоматтандыру біртіндеп, компаниялар экономикалық тиімділігін көрген кезде ғана жүзеге асады. Сонымен қатар жаңа мамандықтар пайда болады – дрондар мен роботтандырылған техниканың операторларынан бастап деректер және киберқұқық мамандарына дейін", – деп сендірді Олжас Анафин.

Айта кетейік, 2025 жылғы 17 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытудағы этика мәселелері бойынша халықаралық комиссия құруды ұсынған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті