Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нейрохирургия, кохлеарлық имплантация және эндопротездеу: Астанада балаларға жасалатын күрделі операциялар

Нейрохирургия, кохлеарлық имплантация және эндопротездеу: Астанада балаларға жасалатын күрделі операциялар
Фото: Астана қ.әкімдігі

Соңғы жеті айда елордалық №2 көпсалалы балалар ауруханасында 500 мың теңгеден асатын ондаған тегін операция жасалды. Мұндай жоғары технологиялық медициналық көмек тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қолжетімді болып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көпсалалы қалалық №2 балалар ауруханасы – елордадағы жалғыз медициналық ұйым, мұнда балаларға мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетіледі. Мұнда оториноларингология, нейрохирургия және ортопедия саласындағы күрделі әрі жоғары технологиялық операциялардың толық спектрі жасалады.Жоғары технологиялық ота жасауға көпсалалы дәрігерлер тобының қатысуы, заманауи жабдықтар мен импланттарды қолдану және инновациялық емдеу тәсілдері қажет. Мұндай араласулардың құны миллиондаған теңгеге жеткенімен, балалар үшін олар толықтай тегін жүргізіледі.

Ауруханада балаларға есту қабілетін қайтаратын кохлеарлық имплантация жасалады.2024 жылы стационар жағдайында 827 млн теңгеге 108 операция жасалған. Соңғы 7 айда 536 млн теңгеден асатын 68 операция өтті.Нейрохирургия саласында да күрделі оталар жасалады. Бас сүйек жарақаттары, ісік немесе туа біткен патология кезінде арнайы пластиналар қолданылады. Бұл ота дәрігерден зергерлік дәлдікті, ерекше тәжірибені және қымбат жабдықты талап етеді. Мұндай араласулар балалардың өмірін сақтап, ауыр мүгедектіктің алдын алады. Сондай-ақ, мамандар нейронавигация мен нейромониторинг арқылы ми ісіктеріне ота жасайды.2024 жылы 68 млн теңгеге 39 ота жасалған. Биылғы жеті айда 38 млн теңгеге 21 ота өтті.2024 жылдың соңында ауруханада жаңа қызмет түрі – жамбас-сан буынын эндопротездеу енгізілді. Дәрігерлер алғашқы оталарды 4,6 млн теңгеге жасады.

«Бүгінгі күнге дейін біз жамбас-сан буынын ауыстыру бойынша 7 операция жасадық. Бұл протездерді арнайы қор сатып әперді. Ал емдеудің өзі әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен жүргізілді. Балалар ортопедиясында бірнеше бағыт бар, ең қымбаты – онкопротездеу, ол денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, біз микрохирургиялық оталар жасаймыз, оның құны шамамен 800 мың теңге. Жыл соңына дейін тағы үш жамбас-сан буынын ауыстыру операциясын жасау жоспарлануда, – деді ортопедия бөлімінің меңгерушісі Ағабек Шықынаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті