Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордадағы Достық үйінде Президент Жолдауындағы негізгі міндеттер талқыланды

Елордадағы Достық үйінде Президент Жолдауындағы негізгі міндеттер талқыланды
Фото: Ақорда

Астанадағы Достық үйінде Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиынға Алматы ауданының әкімі Рүстем Тәуекелов, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және қоғам қайраткерлері қатысты. Олар Президент айқындаған басым бағыттар мен міндеттерді талқылады.

«Жолдауда еліміздің алдағы даму жолдары анық көрсетілді. Бүгін аудан деңгейінде осы құжатты түсіндіру, сарапшылардың пікірін тыңдау мақсатында кездесулер өткізіп жатырмыз. Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары ретінде инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау, цифрландыру мен жасанды интеллект саласын дамыту, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту белгіленді», – деді Рүстем Тәуекелов.

Кездесу барысында қатысушылар цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізудің маңызына ерекше тоқталды. Бұл бағыттар тіршіліктің барлық саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен бірге Президент жүктеген міндеттерді іске асыруда ынтымақтастық пен озық тәжірибемен алмасу қажеттілігі айтылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті