Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Aspan Fest” фестивалі: Алматы облысында полиция 20 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Фото: Polisia.kz

Алматы облысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған жарқын әрі ауқымды мереке – “Aspan Fest” фестивалі өтті. Шараға 20 мыңнан астам адам жиналды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мереке басталар алдында облыстық полиция басшылығы жеке құрамға қоғамдық тәртіп пен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді. Фестиваль барысында тәртіп сақшылары тек қызметтік міндеттерін орындап қана қоймай, профилактикалық жұмыстарға да белсенді қатысты. Азаматтарға есірткінің зияны түсіндіріліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолдары айтылды. Мерекенің ерекше атмосферасын танымал өнерпаздар, соның ішінде шетелдік орындаушылардың жарқын концерттік нөмірлері айшықтай түсті. Сондай-ақ полиция қызметкерлері де шет қалмай, көрермендерге авторлық патриоттық әні – “Міндет. Абырой. Ерлік” шығармасын орындап берді. Ол жиналған көпшіліктің ыстық ықыласы мен қолдауына ие болды. Осылайша, “Aspan Fest” ешқандай оқыс оқиғасыз өтіп, тек мәдени шара ғана емес, полиция мен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ салауатты әрі қауіпсіз өмір салтын насихаттауға арналған алаңға айналды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті