Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әртістер шеруі, цирк шоуы, спектакльдер: Астанада қалалық перфоманс фестивалі қалай өтті

Әртістер шеруі, цирк шоуы, спектакльдер: Астанада қалалық перфоманс фестивалі қалай өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада қалалық перфоманстар фестивалі елорда күніне орай салтанатты түрде өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестивальдің негізгі алаңдары Орталық саябақ, «Жетісу» саябағы және қалалық алаң болды. Мұнда көрермендер ашық аспан астында көше спектакльдерін, музыкалық қойылымдарды, цирк өнерін және театрлық қойылымдарды тамашалады. Көпшіліктің ерекше қызығушылығын оятқан көрініс – театр ұжымдарының шеруі болды. Бұл театр шеруі қаланың орталық көшелерін қамтыды. Оған Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлерінен келген 100-ден астам әртіс қатысты. Фестивальге «Высокие братья», «ArtиШок», «Шоу Мутургановых», ArtLab, Limpopo, мимика және DNE би театры сынды танымал шығармашылық ұжымдар жиналды.

«Бүгін бізбен тек Астанадан ғана емес, еліміздің басқа қалаларынан және Ресейден келген театрлар жұмыс істеп жатыр. Біз үлкен әртістер шеруін, цирктік шоу ұйымдастырдық. Мұның бәрі ашық аспан астында өтті. Бұл – қала үшін нағыз мереке», – деді DNE ивент-агенттігінің директоры Бекзат Науқан.

Астана қаласы Мәдениет басқармасының мәдениет бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаеваның айтуынша, бұл фестиваль «Мерекелік саябақ» атты ауқымды жобаның бір бөлігі саналады. Жоба аясында мәдени дамуға және отбасылық демалысқа бағытталған 100-ден астам іс-шара өткізіледі. Ерекше мән берілетін жайт – қолжетімділік: барлық іс-шара тегін өткізіліп, бағдарламалар әр жастағы көрермендерге лайықталып жасалған.

«Бүкіл қала жанданып кеткендей әсер қалдырды. Әртістер шеруі, музыка, жалпы атмосфера – ертегідей әсер қалдырады. Ең қуантатыны – бәрі қолжетімді. Нағыз мереке сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыс!» – деп әсерімен бөлісті астаналық Әлия Нұрланқызы. 



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті