Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
Фото: Ақорда

Президентке елдегі заң үстемдігінің жай-күйі мен прокуратура қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы прокурорлардың қоғамда резонанс тудырған және мемлекет мүддесіне, сондай-ақ азаптауға қатысты аса маңызды қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Биыл арнайы прокурорлар сотқа 55 қылмыстық іс жолдап, соның негізінде 112 адам сотталған. Тағы 80 іс соттардың қарауында жатыр. Арнайы прокурорлар тексерген істер бойынша жалпы сомасы 14,4 миллиард теңге залал өтелді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына қылмыстық жолмен тапқан кірістерді іздестірудің жаңа тәсілдері мен оны ел экономикасына пайдаланудың перспективасы жөнінде мәлімет ұсынылды. Қозғалған қылмыстық істер бойынша жалпы құны 105 миллиард теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Соның ішінде прокурорлар басқа да құқық қорғау органдарымен бірге тек есірткіге қарсы істер бойынша 12 миллиард теңгеге жуық активтерді қолға түсірген.

Бас прокурор Берік Асылов активтерді қайтару мәселесі туралы да айтты. Екі жыл ішінде прокуратура органдары арқылы 850 миллиард теңгенің активтері қайтарылды. Бұл қаражат өңірлерде 400-ге жуық әлеуметтік және коммуналдық нысан салуға жұмсалады. Бүгінде 60 ғимараттың құрылысы аяқталған.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында және бизнесті белсенді қолдау үшін Бас прокуратураға қарасты ведомствоның атауы өзгермек. Жаңа формат инвестицияға оңтайлы жағдай жасап, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық салада заңдылықты қамтамасыз ету және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар құқық қорғау және мемлекеттік органдардың алаяқтыққа, есірткі саудасына, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, вандализмге қарсы іс-қимылын, бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермеу жұмыстарын тиімді үйлестіру маңызды екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті