Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Бас прокурор Берік Асылов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ прокуратура органдарының өткен кезеңдегі жұмыстарының қорытындысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Ақорда. 

Атап айтқанда, Берік Асылов мемлекет басшысына "Қаңтар оқиғасы" бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдары мен оған қатысқандарға рақымшылық жасау мәселелері прокуратураның ерекше бақылауында тұрғанын баяндаған. Сондай-ақ, ол президентке қылмыстық салада 1,8 мыңнан астам тұлғаның конституциялық құқығы қорғалғаны жөнінде айтқан. Прокурорлардың наразылығы бойынша 866 үкім жойылып, өзгертілген. 183 сотталушының жағдайы жақсартылып, 20 адам ақталған. Бизнесті қорғау саласында 145 мың кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілген.  

Берік Асыловтың сөзінше, жер қойнауын пайдалану мен автомобиль жолдары салаларында жүйелі заң бұзу фактілері анықталған. Индустрия министрлігі кен өндіруге дайын тұрған 144 кен орнын барлауға келісімшарттар берген. Бұдан бөлек, жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке міндетті 96 миллиард теңге төлемегені анықталған. Сонымен қатар, бас прокурор экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының аясында мемлекетке жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскелері және басқа да мүлік қайтарылғанын атап өткен.

Одан бөлек, прокурорлардың актілеріне сәйкес, құны 43 миллиард теңгені құрайтын заңсыз берілген және мақсатына пайдаланылмаған 7,3 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылған. Соның ішінде, олигополия меншігіндегі құны 6 миллиард теңге болатын 140 мың гектар жер қайтарылған. Жуық арада олигополия субъектілерінің меншігінде болған 160 мың гектар жер қайтарылмақ. Айта кетейік, бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов та президентке соңғы 10 айдағы криминогендік жағдай туралы есеп берген еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді