Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасының президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасының президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди келіссөзді екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің елімізге алғашқы сапарын тарихи сәт ретінде атап өтіп, оның Астанаға үлкен делегациямен келуін қазақ халқына көрсеткен зор құрмет деп бағалады.

– Дипломатиялық қатынастардың орнағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Соған қарамастан өзара сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастық дамып келеді. Бүгінгі келіссөздер Астана мен Киншаса арасындағы байланысты жаңа белеске көтереді, тиімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді. Конго Демократиялық Республикасы – Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың келешегі зор деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгінгі уағдаластықтар мен қол қойылған құжаттар өзара тиімді ықпалдастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді. Сонымен қатар серіктестіктің қарқынын өз деңгейінде сақтау үшін екі елдің сыртқы саясат ведомстволары арасындағы тұрақты әрі іскерлік байланысты жандандыруға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сауда-экономикалық ынтымақтастық екіжақты күн тәртібінің басым бағыты болуы керек. Президент Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасының табиғи ресурстарға бай әрі экономикалық мүмкіндігі мол екеніне назар аударып, екі ел өзара тиімді жобаларды іске асыруда сенімді серіктес бола алатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы аса маңызды шикізат материалдары саласындағы КДР-дың әлеуетіне жоғары баға беріп, бұл елдің бірегей табиғи ресурстары жаһандық жеткізу тізбегінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Әлемдегі кобальт өндірісінің 76 пайызы, мыстың 14 пайызы, қалайының 8,3 пайызы, танталдың 42 пайызы, колтанның 40 пайызы Конго Демократиялық Республикасына тиесілі. Сонымен қатар жоғары технологиялық салаларға қажетті басқа да стратегиялық минералдардың мол қоры бар.

Президент Конго басшылығының қолдауымен қазақстандық ERG компаниясы аталған елде табысты жұмыс істеп жатқанын айтты.

Феликс Чисекеди Конгоның өзара ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

– Біздің мемлекеттеріміз географиялық тұрғыдан бір-бірінен алшақ орналасса да, халықтарымызды егемендік пен территориялық тұтастықты құрметтеу, диалог арқылы бейбітшілікке үндеу секілді ортақ құндылықтар біріктіреді. Конго Демократиялық Республикасы халықаралық қоғамдастықтың, соның ішінде Қазақстанның ең қиын сәттерде көрсеткен қолдауын ешқашан ұмытпайды. Қазақстан БҰҰ аясындағы белсенді ұстанымымен Конго халқына жанашыр екенін дәлелдеді. Сондықтан Сізге шынайы ризашылығымызды білдіруге рұқсат етіңіз, – деді КДР Президенті.

Феликс Чисекедидің айтуынша, Қазақстан ядролық қарудан бас тарту және бейбітшілікті сақтау үшін дәйекті диалогты ілгерілету арқылы қауіпсіздік пен дамудың өте маңызды екенін көрсетті. Бұл – әлем жұртшылығына үлгі.

Келіссөз барысында екіжақты сауданы дамыту, көлік-логистика, тау-кен, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар, цифрландыру салаларындағы ықпалдастық мәселелеріне баса мән берілді.

Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Бұдан бөлек дипломатиялық консультацияға, тау-кен және геология саласындағы ынтымақтастыққа қатысты ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті