Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын бас бостандығынан айырылды

Маңғыстау облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын бас бостандығынан айырылды
Фото: Polisia.kz

Маңғыстау облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түпқараған ауданының аумағында полиция қызметкерлері ірі көлемде есірткі затын сақтау дерегін анықтады. Тергеу барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізіліп, нәтижесінде есірткіге ұқсас шөп тектес заттар табылды. Тінту барысында аулада орналасқан ескі сейфтің ішінен арнайы полиэтилен пакеттерге оралған 20 зат, сондай-ақ құтыға салынған заттар табылып, заң талаптарына сәйкес мөрленіп, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Күдікті тергеу барысында бұл заттарды жеке пайдалану мақсатында сақтағанын мойындады. Барлық алынған затқа сот-сараптамасы тағайындалды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі және 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сот процесінің нәтижесінде күдіктіге 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға және заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырады. Есірткі заттарын сақтау, тасымалдау немесе өткізу әрекеттері заңмен қатаң жазаланады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті