Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полицейлер ірі көлемдегі интернет-алаяқтықтың алдын алды

Алматыда полицейлер ірі көлемдегі интернет-алаяқтықтың алдын алды
Фото: Polisia.kz

Алматыда полицейлер ірі көлемдегі интернет-алаяқтықтың алдын алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы қаласы Алмалы ауданының полицейлері ірі көлемде интернет-алаяқтықты тоқтатты. Кезекші бөлімге жергілікті тұрғындар жүгініп, 21 жастағы ұлдарының жоғалып кеткенін хабарлаған. Жас жігіт өзімен бірге алтын бұйымдар мен жинаған ақшаны алып, үйінен шығып кеткен. Ол бірнеше сағат бойы байланысқа шықпаған. Ата-анасы оның компьютеріндегі күмәнді хат алмасуды байқап, бірден полицияға жүгінген. Полиция қызметкерлері жігіттің орналасқан жерін анықтап, оның интернет-алаяқтардың ықпалында болғанын анықтады. Алаяқтардың нұсқауымен ол ақшаны аудару бойынша нақты қадамдар жасап жатқан. Ол жоғалтып ала жаздаған сома 4 миллион теңгеден асты. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында отбасының жинаған қаражатын сақтап қалу мүмкін болды.

- Алаяқтар азаматтарды түрлі қауіпке толы тізбектерге тарту үшін психологиялық қысым мен алдауды жиі қолданады. Күмәнді жағдай байқалған кезде бірден полицияға жүгіну өте маңызды. Бұл жағдайда біз жас жігіттің орналасқан жерін шұғыл анықтап, заңсыз әрекеттердің жолын кестік. Қазір алаяқтыққа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау шаралары жүргізілуде, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының жедел кезекшісі Әділет Слямбаев.


- Біз ұлымыздың бейтаныс адамдармен хат алмасып, олардың нұсқауымен ақша аудармақ болғанын байқадық. Дереу дабыл қағып, полицияға бардық. Осы жерде бізге көмектесті, баламызды жылдам тауып, алаяқтықтың алдын алды. Полиция қызметкерлеріне кәсібилігі мен қолдауы үшін алғыс айтамыз, – деді жігіттің әкесі. 

Алматы полициясы қала тұрғындарын қырағы болуға, күмәнді интернеттегі таныстарға сенбеуге шақырады. Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда ішкі істер органдарына дереу хабарласу қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті