Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мектеп жанында спорт алаңы салтанатты түрде ашылды

Астанада мектеп жанында спорт алаңы салтанатты түрде ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы №75 мектеп-гимназиясында спорт алаңының ашылуы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға елорданың Есіл ауданы бойынша «AMANAT» партиясы филиалының төрайымы Санира Жүсіпова, жазушы, ақын Әкім Ысқақ, ардагерлер арасындағы гір тасын көтеруден 21 дүркін әлем чемпионы Серік Абдахин, волейболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытжан Байтөреев, ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар қатысты.

«Жаңа спорт алаңы мектеп оқушыларының спортпен айналысып қана қоймай, елімізге ертеңгі күннің мықты азаматын қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін. Жаңа оқу жылында дәл осылай жаңа спорт алаңының берілуімен баршаңызды құттықтаймын. Бүгінгі қуаныш бәрімізге ортақ», – деді мектеп директоры Зәмзагүл Рысбайқызы.

Ресми ашылудан кейін спорт алаңында мектеп оқушылары шинкиокушинкай каратэ, гір тасын көтеру, волейбол бойынша өздерінің спорттық өнерін көрсетті.Айта кетейік, биыл елордада шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік (гүлзарлар, желекжолдар, саябақтар) жаңартылып жатыр. Бұл жұмыс барлық аудан аумағын, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Қазіргі таңда оның басым бөлігі аяқталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті